Баскетболдан Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамалары Азия ойындарындағы өнерін аяқтады
Бүгін 3х3 баскетболдан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары жазғы Азия ойындарының ширек финалына шығу үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер құрамасы Иордания құрамасымен кездесті. Кездесу 13-9 есебімен біздің баскетболшылардың пайдасына аяқталды.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық спортшылар Қытай құрамасымен кездесіп, 7-21 есебімен жеңіліп қалды.
Ерлер құрамасы ширек финалға шығу үшін матчта Филиппин құрамасынан жеңіліп қалды (14-15).
Осылайша екі команда да Азия ойындарындағы өнерін аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или