Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарының финалына өтті

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін қазақстандық байдарка мен каноэшілер сәтті өнер көрсетті: 4 спортшы финалға, тағы біреуі жартылай финалға өтті.
Байдарка мен каноэде есу
1000 м. Жеке байдарка. Ерлер, іріктеу
Кирилл Трубаев - 2-орын (3:51.925) - финалға өтті
1000 м. Жеке каноэ. Ерлер, іріктеу
Тимофей Емельянов - 4-орын (4:10.107) - жартылай финалға өтті
500 м. Жұптық байдарка. Әйелдер, іріктеу
Ирина Подойникова, Ольга Шмелева - 1-орын (1:49.240) - финалға өтті
500 м. Жұптық байдарка. Ерлер, іріктеу
Игорь Ряшенцев, Андрей Ергучев - 2-орын (1:38.388) - финалға өтті
500 м. Жұптық каноэ. Ерлер, іріктеу
Тимур Хайдаров, Сергей Емельянов - 1-орын (1:48.595) - финалға өтті.