Каратэ. Спортшыларымыз Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 2-орын иеленді

Жапонияның Иокогама қаласында өткен онүшінші Азия чемпионатына 33 елдің спортшылары қатысқан, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан Ұлттық құрамасының спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

55 кг. Ерлер. Андрей Актауов 4 кездесу өткізіп, 1-орын иеленді. Ол финалда Кувейт спортшысын 7-1 есебімен басым түсті.

67 кг. Ерлер. Ринат Сағандыков 4 кездесу өткізіп, 1-орын иеленді. Ринат финалда ирандық спортшыны 2:1 есебімен ұтты.

75 кг. Ерлер. Ермек Айназаров 4 кездесу өткізіп, 1-орын иеленді. Финалда Кувейттік спортшымен күш сынасып, 4-2 есебімен жеңіске жетті.

55 кг. Әйелдер. Сабина Захарова 4 кездесу өткізіп, финалда тайпейлік спортшыға ұтылып, күміс медаль иеленді.

68 кг. Әйелдер. Гузялия Гафурова 4 кездесу өткізіп, финалда жапониялық спортшыға ұтылып, күміс медаль алды.

+ 68. Әйелдер. Гаухар Чайкузова алғашқы кездесуінде макаолық спортшыны 3-2 ұтса, жартылай финалда қытайлық спортшыға ұтылды. Қола медаль үшін өткен белдесуде тайпейлік спортшыны ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или