Александр Зуевтің клубы Сербия чемпионатындағы кездесуде жеңіліп қалды

ИМТ Сербия чемпионатының 10-турында «Войводинадан» (1:2) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команда бірінші болып есеп ашты, бірақ жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев 55-минутта қосалқы құрамнан алаңға шықты.
Айта кетейік, жартылай қорғаушы серб клубына еркін агент ретінде 2023 жылдың қыркүйегінде ауысты. Жуырда ғана Зуев Қазақстан төлқұжатын алып, ел құрамасында ойнауға мүмкіндік алды. Футболшы ұлттық құрамаға шақырту алды.