Доминик Тим Астанадағы турнирдің екінші айналымында ойнайды

Доминик Тим Астанадағы турнирдің екінші айналымында ойнайды

Астанадағы ATP 250 теннис турнирі қыза түсті. 28 қыркүйекте жекелей сындағы бірнеше матч өтті.

Аустриялық теннисші, әлемнің 81-ракеткасы Доминик Тим Перу өкілі, әлемнің 67-ракеткасы Хуан Пабло Варильяспен кездесті.

Аустриялық теннисші қарсыласын 6:3, 7:6 (10:8) есебімен екі сетте жеңді.

Доминик Тим матч кезінде алты эйс пен төрт қос қате жасады және жеті брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Ал оның қарсыласы Хуан Пабло Варильяс бес эйспен көзге түсті. Ол екі қос қате жасап, төрт брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или