Алмат Кебісбаев Әлем біріншілігінде қола медаль ұтты

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Әлем біріншілігінде 59 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық балуан Алмат Кебісбаев қола медаль иеленді.

Соңғы белдесуінде беларусиялық Сослан Дауровпен кездескен Кебісбаев 2-минутта қарсыласын таза жеңді. Сонымен, Қазақстан қоржынында грек-рим күресінен екі жүлде бар. Жарыстың алғашқы күнінде 75 келіге дейінгі салмақта күрескен балуанымыз Досжан Қартықов та қола иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или