Азиада-2022: Әділбек Мусин жүзуден қола жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы Әділбек Мусин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosprots.kz.
Әділбек 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен мәреге үшінші болып келді.
Бірінші орынды 51,13 уақыт көрсеткішімен Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы жапониялық Кацухиро Мацумото иеленді. Қытайлық спортшы Ван Чанхао 51,24 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды.
Мусин жалпы медальдық есепте Қазақстан үшін 12-жүлдені жеңіп алды.
Осылайша, ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына тоғызыншы қола медаль түсті.
2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтіп жатыр.