Азия ойындарында қазақстандықтар жүлдеге бір қадам қалды
Қазақстандық ескекшілер Светлана Германович пен Мария Чернец Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының қос құрамасы сапында жүлделі орындарға ие бола алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дуэт соңғы жүзуде 4-ші ең жылдам уақытты (7:25.36) орындады.
Қытайлықтар жеңіске жетті (7:03,41). Ирандықтар екінші (7:17,08), Тайланд құрамасы үшінші (7:21,70) келді.
Олардың бүгін төрттікте медаль алуына тағы бір мүмкіндігі болады.
Айта кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу лицензиялары жарыстың тоғыз түрі бойынша беріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или