Азия ойындары: Қазақстандық теннисшілер Макао құрамасын жеңді
Бүгін Ханчжоуда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші қарсылас Макао құрамасы болды. Турнирдің топтық кезеңдегі ойынында қазақстандық команда 3:0 есебімен жеңді.
Командаға жеңісті Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова және Сарвиноз Миркадирова әкелгенін айта кетейік.
Естеріңізге сала кетейік, ашылу матчында қазақстандық команда қытайлықтардан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Азия ойындары. Үстел теннисі.
Топтық кезең. Әйелдер
Макао-Қазақстан 0:3
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или