Еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға кәсіпкерлер көлік мінгізді
Қазақстандық кәсіпкерлер еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионатында алтын алған Ризабек Айтмұханға көлік сыйлады, деп хабарлады Qazaq kures қауымдастығының басшысы Самат Ерғалиев Instagram желісінде.
18 қыркүйекте Белградта 19 жастағы Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Шешуші шайқаста оған әзербайжандық Осман Нурмагомедов қарсылас болды.
Сол әлем чемпионатында 86 келі салмақта тағы бір қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков қола медаль мен Париж Олимпиадасына жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или