Жеңіліп көрмеген британиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Жеңіліп көрмеген британиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Британиялық жеңіліп көрмеген боксшы Конор Бенн (21-0, 14 КО) орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Кез келген адаммен жұдырықтасуға дайынмын. Әсіресе Головкин сияқты үлкен есімдермен. Бұл жекпе-жекке дайынмын!», - деді Бенн Matchroom Boxing-ке берген сұхбатында.

Конор Бенн рингке 23 қыркүйекте АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында шығады. Қарсыласы - мексикалық Родольфо Ороско (32-3-3, 24 КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или