Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақ палуаны санаулы сәттер бұрын (72 кг) Моңғолия мықтысы Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған (11-0).

Жәмилә осыған дейінгі 2 дүниежүзі бәсекесінің ақтық айқасына жолдама алған. Ұлттық құрама көшбасшысы 2019 жылы Ослодан, былтыр Белградтан күміс жүлдегермен қайтты.

Айта кетейік, Бақбергенова бүгінгі жарыс күнін 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагидың жауырынын жерге тигізіп, сосын, ресейлік Ксения Бураковадан айласын асырды (7-1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или