Ресейлік боксшы көшеде әйел адамды соққыға жықты
Мәскеуде 17 қыркүйек күні таңертең «Галактика» караоке клубының маңында болған жаппай төбелеске қатысқан боксшы Игорь Имеля Ионов ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшы белгісіз ер адамның бетіне, содан кейін әйеліне ауыр соққы жасаған. Соңғысы асфальтқа құлап, бас-ми жарақатын алған деген болжам бар.
Спортшы бостандықта. «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі Top Dog фан-аккаунтында оның қамауға алынғаны туралы айтқан видеосы жарияланды.
Игорь Имеля Ионов 30 жастағы боксшы, Top Dog клубының өкілі, жалаң қолмен жұдырықтасу турнирлеріне қатысады. Боксшы мансабына дейін массажист болып жұмыс істеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или