Қазақстандық әлем чемпионы мерзімді әскери қызметші болып шықты

Қазақстандық әлем чемпионы мерзімді әскери қызметші болып шықты

Еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы ретінде тарихқа енген қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан мерзімді қызметтегі белсенді сарбаз, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қатардағы Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылының тумасы. Ол осы жазда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында әскери борышын өтеуге шақырылды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Белградта (Сербия) өтіп жатқан күрес түрлерінен 2023 жылғы әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақта финалда Айтмұхан Әзірбайжан өкілі Осман Нурмагомедовты 5:2 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына еркін күрестен алғашқы алтынды салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или