Елдос Ахметов сынға ұшыраған Асхат Тағыбергенге қолдау білдірді

Елдос Ахметов сынға ұшыраған Асхат Тағыбергенге қолдау білдірді

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Елдос Ахметов жанкүйерлердің сынына ұшыраған ұлттық команданың капитаны Асхат Тағыбергенге қолдау білдірді.

"Асхат — керемет ойыншы. Ол футбол үшін, ел үшін, қазақтар үшін жанын беретін ұлттық құраманың капитаны. Кеше "Ақтөбе" жанкүйерлерінің әрекеті дұрыс болмады. Жанкүйерлер тарапынан болған араңдатушылық ойынға дейін басталған.

Қазір желіде Асхат голды бірінші болып тойлағандай айтылып жатыр. Бұл өтірік. Мен де, бүкіл команда да жанкүйерлердің араңдатушылығына куә болдық. Ересек азаматтар 90 минут бойы бейәдеп сөздер жаудырды", - деп жазды Елдос Ахметов Instagram желісіндегі stories бөлімінде. 



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или