Еркебұлан Нұрғалиев - Бірінші лиганың тамыз айындағы үздік ойыншысы
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылдың тамыз айындағы Бірінші Лиганың үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік ойыншыны Бірінші Лига командаларының бапкерлері мен капитандары дауыс беру арқылы анықтады.
Сауалнама қорытындысы бойынша, өткен айдың үздік ойыншысы атағы «Елімай» футбол клубының капитаны Еркебұлан Нұрғалиевке бұйырды.
Нұрғалиев тамыз айында төрт матчқа қатысып, 4 гол соқты және бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Сауалнамада екінші орынында лиганың үздік сұрмергені Николай Агапов орналасты. Украиналық шабуылшы «Ақжайық» командасының өткен айында барлық ойынында нәтижелі соққымен көзге түсті.
Үздік үштікті «Жеңіс» командасының жартылай қорғаушысы Артем Черединов түйіндеді.
Кім кімге дауыс берді:
.jpg)
.jpg)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или