Жағажай футболынан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Қонаевта жағажай футболынан 2023 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Маусым қорытындысы бойынша Павлодардың «Арман» командасы жеңімпаз атанды.
Екінші орынды турнир дебютанттары – Тараз қаласынынан «OMEGA» командасы иеленсе, үшінші орынды Алматы облысының «Малайсары» клубы алды.
Төртінші және бесінші орындарды Конаев қаласының ОСДЮСШ және «Достар» командалары иеленді.
Жарыстың үздіктері:
Үздік ойыншы - Виталий Тулпа («Арман»),
Үздік қорғаушы - Болатбек Нұрдәулет («Малайсары»)
Үздік қақпашы - Айдос Сейдахметов (ОСДЮСШ)
Үздік сұрмерген - Дәурен Қойшыбаев («OMEGA») (23 гол).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или