Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны төмендеді

Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі орны төмендеді

<span>Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) әлемнің үздік теннисшілерінің жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық Елена Рыбакинаның есімі рейтингте төмендеген, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.</span>

<span>Жаңартылған рейтингке сәйкес, әлемнің бірінші ракеткасы ретінде Белорусь спортшысы Арина Соболенко қалған. Екінші орында польшалық Ига Швентек орналасса,тізімде үшінші болып америкалық Кори Гауффтың есімі жайғасқан. </span>

<span>Бұған дейін төртінші орында тұрған отандасымыз Елена Рыбакинаның рейтингтрегі орны төмендей түскен. Қазақстандық спортшы әлемдік рейтинг тізіміне бесінші болып тұр. Оның орнына төртінші болып америкалық Джессика Пегула келген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или