Бокс. Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы Азияда теңдессіз

Бокс. Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы Азияда теңдессіз

Бүгін Таиландта бокстан Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық боксшылар 5 алтын медаль алып, жалпыкомандалық есеп бірінші орын алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жарыста 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленген қазақстандық боксшылар жалпыкомандалық есепте 1-ші орын иеленді. Екінші орынға 2 алтын, 5 күміс, 1 қола жүлде ұтқан өзбекстандық спортшылар шықты. Ал, 2 алтын медаль ұтқан Таиланд құрамасы үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасына алтын жүлдені өзбекстандық Шахобиддин Зоировты жеңген Олжас Сәттібаев (52 келі), филиппиндік Эумир Марсиалды ұтқан Данияр Елеусінов (69 келі), қарсыласы жарақатына байланысты шықпай Азия чемпионы атанған Әділбек Ниязымбетов (81 келі), өзбекстандық Рустам Тулягановтан басым түскен Василий Левит және қытайлық қарсыласын ұтқан Иван Дычко (+91 келі) әкелді.

Ал, финалда моңғолиялық Отгондалай Дорьнямбууға есе жіберген Зәкір Сафиуллин (60 келі) Қазақстанға күміс жүлде әкелсе, 56 келіде жұдырықтасқан Қайрат Ерәлиев қола медаль иеленген еді.

Айта кетейік, Таиландта өткен бокстан Азия чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

kazsport.kaztrk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или