Күрес

Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатының тікелей трансляциясы

Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Белградта (Сербия) күрес түрлерінен әлем чемпионатының 2-ші күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстаннан Болат Сақаев (79 келі), Мейрамбек Қартбай (57 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі) және Ризабек Айтмұхан (92 келі) өнер көрсетеді.

Жұбаныш кездесуде 61 келі салмақтағы Өсімжан Дастанбек қола жүлдені сарапқа салады. Тағы бір қазақстандық Азамат Дәулетбеков (86 келі) 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі мен 2024 жылғы Олимпиада жолдамасы үшін күреседі.

Естеріңізге сала кетейік, Сербиядағы турнир Олимпиадаға іріктеу жарысы болып табылады. 2023 жылғы әлем чемпионатында әр олимпиадалық салмақта 5 олимпиадалық квота ойнатылады.

Матчтар Астана уақытымен 20:45-те басталып, «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 24 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0