Дэвис кубогы: Қазақстан - Болгария матчының тікелей трансляциясы
Кеше, 16 қыркүйекте теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде екі жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы кездесу үш сетте Скатовтың жеңісімен аяқталды – 3:6, 6:4 және 6:3.
Александр Бублик (No29) Янаки Милевпен (№569) ойнады. Екі сетте өткен кездесуде қазақстандық басым түсті - 6:4, 6:1.
Бүгін, 17 қыркүйекте ойын күні Астана уақытымен сағат 14:00-де жұптық матчпен ашылады - Александр Недовесов пен Андрей Голубев Александров Донски және Лазаровпен күш сынасады. Одан кейін Бублик Кузьмановпен кездеседі, ал соңғы матчта Скатов Милевпен ойнайды.
Командалар арасындағы текетірес Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или