Дэвис кубогы: Болгариямен матчта Александр Бублик есепті 2:0-ге жеткізді
София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші кездесуде әлемнің 29-ракеткасы А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 569-орында тұрған Янаки Милевпен кортқа шықты.
Бірінші партияны қазақстандық теннисші брейкпен бітірді – 6:4.
Екінші сетте А.Бублик бірден брейк жасап, 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:1.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Осылайша, Қазақстан – Болгария матчында есеп – 2:0.
Ертең, жексенбі күні үш бәсеке жоспарланған. Қазақстанға матчта жеңіске жету үшін соның біреуінде ұтса, жетіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или