Дэвис кубогы: Тимофей Скатов Болгарияға қарсы матчта Қазақстанды алға шығарды

Дэвис кубогы: Тимофей Скатов Болгарияға қарсы матчта Қазақстанды алға шығарды

София қаласында Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан мен Болгария құрамалары ойнап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алғашқы болып Қазақстанның екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов пен дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузманов кортқа шықты.

Бірінші партияда корт иесі 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Т. Скатов 3:0 есебімен алға кеткенімен, болгариялық спортшы таразы басын теңестірді. Дегенмен, Тимофей мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Содан кейін шешуші, үшінші сетте бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Екі сағат 47 минутқа созылған кездесу барысында Т. Скатов 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, есеп – 1:0, Қазақстан пайдасында.

Бүгін енді Александр Бублик пен Янаки Милев шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или