Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы германиялық боксшы Винченцо Гуальтьериге қарсы жекпе-жекке дайындықтары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сегіз <span>раундтық спаррингке шықтық. Бұйыртса келесі апта 10 раундтыққа өтеміз. Дайындық өте жоғары деңгейде. Екі титул бөлек шабыт!</span>», – деп жазды Team Janibek Инстаграм-парақшасы.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Стоктонда (Калифорния, АҚШ) өткен жекпе-жегінде «Қазақ стилі» канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалған болатын. 

14 қазанда АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы титулдар үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жек өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или