Қазақстандық боксшы Римма Волосенко ислам дінін қабылдады
60 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы қыз Римма Волосенко ислам дінін қабылдады. Бұл жайында QAZAQ RING youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлем чемпионатынан кейін, болмаса әлем чемпионаты кезінде журналистердің бірі маған "қай дінге сенесіз?" деп сұрақ қойды. Бұл сұрақ жанкүйерлерді де қызықтырары анық. Енді сол сұраққа тағы жауап берсем, мен мына нәрсені айтар едім. Құдай бәрімізге жалғыз. Жаратушы – жалғыз. Мен осыны білгім келіп, жеке жаттықтырушымнан: «Неге мені Ислам діні өзіне тартады?» - деп сұрағанымда ол: «Римма, бұл енді сенің жеке көзқарасың болу керек. Егер сен Ислам дінін қабылдағың келсе, мен ештеңе дей алмаймын. Сенің ата-анаң да ешкім де ештеңе айта алмайды", - деді.