Бүгін Азия чемпионатының финалында 6 боксшымыз шығады

Бүгін Азия чемпионатының финалында 6 боксшымыз шығады

Бүгін Азия чемпионатында финалдық кездесулер өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан бокс федерациясы ресми сайтының мәлімдеуінше, 52 келіге дейін салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировпен, ал Зәкір Сафиуллин (60 кг) моңғолиялық Дорьнямбуу Отгондалаймен күш сынасады. Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов (69 кг) филиппіндік Марисал Феликспен, ал Әділбек Ниязымбетов (81 кг) өзбекстандық Эльшод Расуловпен жұдырықтасады. Риодағы Олимпиадаға жолдама алған Василий Левин (91 кг) тағы бір өзбекстандық Рустам Туляганов пен кездессе, ауыр салмақтағы Иван Дычко (91 кг жоғары) қытайлық Янг Жибаомен алтын медальды сарапқа салмақ.

Азия чемпионатының финалынан тікелей трансляцияны Kazsport телеарнасынан Астана уақытымен 14:00-де көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или