Әлімханұлы қазақ жігіттерінің ерекше қасиетін айтты
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) ұлыбританиялық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Соңғы рет қашан жыладыңыз?
- Қазақ жігіттері ешқашан жылаған сәтін айтпайды.
Еске сала кетейік, 13 мамырда Стоктонда (Калифорния, АҚШ) өткен жекпе-жегінде «Қазақ стилі» канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғаған болатын.
14 қазанда Розенбергте (Техас, АҚШ) Әлімханұлы IBF титулының иегері германиялық боксшы Винченцо Гуальтиеримен жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или