ПСЖ жұлдызы қатарлық клубқа ауысты

ПСЖ жұлдызы қатарлық клубқа ауысты

Катардың «Аль Араби» футбол клубы «Пари Сен-Жермен» жартылай қорғаушысы Марко Верраттидің ауысқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі өзінің Twitter желісінде трансферге арналған видео жариялады.

Бұған дейін журналист Николо Скира жартылай қорғаушының трансфері үшін катарлық клуб француздық клубқа 50 миллион еуро төлейтінін хабарлаған болатын. Журналистің айтуынша, итальяндық футболшыға 2026 жылдың жазына дейін жылына 30 миллион еуро жалақы алатын келісімшарт ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы футболшы ПСЖ сапында 2012 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда Верратти ПСЖ сапында барлық турнирлерде 38 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Transfermarkt интернет-порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 40 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или