Қазақстандық теннисші Осакадағы WTA турнирінің ширек финалына өтті
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Осакадағы WTA турнирінің ширек финалына оңай өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық екінші айналымда ресейлік Валерия Савиныхты 6:1, 6:2 есебімен ұтты.
Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 19 минутты құрады.
Турнирдің ширек финалында Путинцева не жапондық Химео Сакацумэмен (әлемнің 184-ші ракеткасы) немесе қытайлық Синью Ванг (әлемнің 39-шы ракеткасы) мен швейцариялық Гил Белен Тейхманның (әлемнің 138-ші ракеткасы) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Турнирдің жүлде қоры 259 мың долларды құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или