«Әркімнің өз жолы бар». Жиров Головкиннің мансабын аяқтайтыны туралы айтты
Қазақстандық боксшы Василий Жиров Геннадий Головкин Қазақстанның Тәуелсіздік күнінде жекпе-жек өткізіп, мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әркімнің өз жолы бар... Өз мансабыма ризамын! Головкинге жекпе-жекке сәттілік тілеймін», - деді Жиров Legalbet.kz сайтына.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 41 жастағы Головкин қоштасу жекпе-жегін 16 желтоқсанда Астанада өткізуі мүмкін.
Головкин кәсіпқой мансабында 42 мәрте жеңіске жетіп, бір рет тең түсті, тағы екі жекпе-жекте жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или