18 жастағы қазақстандық теннисші Тунистегі турнирді сәтті бастады

18 жастағы қазақстандық теннисші Тунистегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова (WTA рейтингінде 829-орын) Монастирде (Тунис) өтіп жатқан турнирдің екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалда Сағандықова Үндістан өкілі Смрити Бхасинмен (974-орын) кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

18 жастағы қазақстандық келесі айналымда Элена Ямшиди (Дания, 1094-орын) — Йоана Монева (Болгария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Монастирдегі турнирдің жүлде қоры 15 000 доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или