Алтынға 50 мың АҚШ доллары: Кеңес Рақышев боксшы қыздарды Азия ойындарына шығарып салды

Алтынға 50 мың АҚШ доллары: Кеңес Рақышев боксшы қыздарды Азия ойындарына шығарып салды

Шамиль Сафиулин бастаған бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындары қарсаңында біздің боксшылар жергілікті спортшылармен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әуежайға арнайы келіп, ұлттық құрама мүшелерін шығарып салды.

Басты мақсат - қазақ боксының үздік екенін тағы бір мәрте көрсетіп, медальдар мен Париж-2024 Олимпиадасының лицензиялар иелену.

Сонымен қатар, ҚБФ Президентінің жеке қаражатынан сыйақылар беру дәстүрі жалғаса беретіні белгілі болды. Алтын медаль үшін чемпиондар 50 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегерлер - 30 мың АҚШ долларын, қола медаль үшін - 10 мың АҚШ долларын алады.

Қытай шаршы алаңында ел намысын қорғайтын боксшылар:

50 келі: Назым Қызайбай
54 келі: Жайна Шекербекова
57 келі: Карина Ибрагимова
60 келі: Римма Волосенко
66 келі: Наталья Богданова
75 келі: Валентина Хальзова

XIX Жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстан құрамасынан 500-ден астам спортшы спорттың 33 түрінен сынға түседі.

Тарихта алғаш рет Азия ойындарда Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или