US Open: 19 жастағы теннисші жеңімпаз атанды

US Open: 19 жастағы теннисші жеңімпаз атанды

19 жастағы америкалық теннисші Кори Гауфф АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 6-орында тұрған К.Гауфф финалда әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен кездесті.

Бұл екеуінің де «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші финалы еді. Өткен жылы Ролан Гарроста Гауфф Польша өкілі, әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентектен 1:6, 3:6 есебімен жеңіліс тапқан еді. Ал Соболенко биыл Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық Елена Рыбакинаны ұтқан болатын – 4:6, 6:3, 6:4.

Бұл жолы бірінші партияда Арина 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта сол қарқынын жалғастыра алмай, көп қателесіп, қарсыласына жол берді – 3:6, 2:6.

Осылайша, К.Гауфф өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңіске жетті.

АҚШ ашық чемпионатының қорытындысымен А.Соболенко әлемдік рейтингтің көшін бастайды. К.Гауфф үздік үштікке енеді. Ал Е.Рыбакина төртінші орында қалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или