Әбілхан Аманқұл Сауль Альвареспен бірге түскен жариялады

Әбілхан Аманқұл Сауль Альвареспен бірге түскен жариялады

Қазақ боксшысы Әбілхан Аманқұл абсолютті әлем чемпионы Сауль Альвареспен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Арманыңа сене біл және оған жету үшін аянбай еңбек ет. Спорттың мәні осында», — деп жазды Аманқұл Instagram парақшасында.

Әбілхан «Канелоның» мамыр айындағы жекпе-жегінде андеркартта өнер көрсеткен.

Аманқұл әуесқой бокста әлем чемпионатының (2017) күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018), сондай-ақ Азия чемпионатының (2017) қола жүлдегері атанған.

Токио Олимпиадасында ширек финалға дейін жетіп, бразилиялық боксшыға есе жіберген еді.

Бүгінде ол Сауль Альварестің залында Эдди Рейносоның жетекшілігімен жаттығып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или