Федерер US Open турнирін жеңетін негізгі үміткерді атады

Федерер US Open турнирін жеңетін негізгі үміткерді атады

Өткен қыркүйекте спорттық мансабын аяқтаған швейцариялық теннисші Роджер Федерер, қазіргі US Open турнирінде жеңіске жететін басты үміткерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Новак Джоковичке бәс тігемін. Бұл қауіпсіз ставка», - деп келтіреді Федерердің сөзін Sports Illustrated.

US Open турнирінде Джокович ширек финалға шықты. 20 жастағы америкалық Бен Шелтонмен жартылай финалға шығу үшін таласады.

Еске салайық, серб теннисшісі «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы, ол өз мансабында үш рет АҚШ ашық турнирін жеңіп алған: 2011, 2015 және 2018 жылдары. Новак Джокович осы маусымда екі дулыға жеңіп алды (Australian Open және Roland Garros), сонымен қатар Уимблдон финалында ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или