Рыбакинаның басты қарсыласы ерекше жетістікке жетті
Әлемнің екінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open 2023 турнирінде ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соболенко бір маусымда барлық «Grand Slam» турнирлерінде жартылай финалға шықты. Бұған дейін әйелдер арасында осындай нәтижеге соңғы рет аты аңызға айналған америкалық Серена Уильямс 2016 жылы қол жеткізген болатын.
Еске салайық, Соболенко Қытай елінің өкілі Чжэн Циньвэнді 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, US Open турнирінің жартылай финалына шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или