Геннадий ГОЛОВКИН: «Қазақстанда жекпе-жек өткізсем деймін»

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин AllBoxing.ru сайтына берген эксклюзивті сұхбатында жоспарымен бөлісті.

- Геннадий, сіз чемпиондық атағыңызды қатарынан 14 рет қорғап, Карлос Монсонның жетістігін қайталадыңыз. Енді тағы бір мәрте сәтті қорғасаңыз Хопкинстен (20 рет қатарынан қорғаған) кейін екінші орынға жайғасасыз. Бұл жәй ғана нәтиже емес, ерекше жетістік деуге болады. Жалпы өзіңіз рекорд орнатуға талпынасыз ба?

- Боксшылардың әр қайсысына ерекше дайындалу керек. Жекпе-жек алдында 100 пайызға дайын болып, керекті нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл кезде маған рекордтар мен статистикалық көрсеткіштер маңызды болмайды. Мені талпындыратын басқа да маңызды нәрселер бар.

- Орта салмақтағы барлық титулдарды жеңіп алғыңыз келетіні анық. Бірақ, қазіргі бокста бұл қиынның-қиыны. Мүмкін екі-үш белбеуден кейін басқа титулдарды ұтып алу маңызды болмай қалатын шығар. Сол себепті қаржылық тұрғыда пайда әкелетін ғана емес, спорттық тұрғыдан қызықты қарсылас іздеу қалай болмақ?

- Бәрі өз уақытында болады. Өзіме қызық болып тұрған қарсыластар бар. Бірақ, бокста үш айдан кейін не боларын дәл болжап айта алмайсың. Қазіргі таңда менің бар ойым тек Давид Лемьеге қарсы кездесуде. Сонымен қатар Энди Лидің қалай жұдырықтасқаны ұнайды. Екеуі де рингте өте мықты қарсылас болары анық. Алдағы жоспарларыма келер болсақ, барлық титулдарды біріктіру. Сосын жағдайға байланысты не боларын көреміз.

- Жуырда берген сұхбатыңда орта салмақтағы ең қиын қарсылас деп «Канело» Альваресті атапсыз. Не себепті?

- Канело өте дарынды боксшы. Онымен бірге спарингке қатысу қызық болды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін боксшы. Меніңше, жақын арада Канело орта салмаққа ауысады. Сол кезде көре жатармыз.

- Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарда бар ма?

- Әрине, өз отанымда бір кездесу өткізсем дейімін. Оның үстіне, 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық EXPO көрмесі менің бас демеушім. Бұл көрме Қазақстан үшін ерекше оқиға. Егер өз елімде, сәті түсіп, жекпе-жек өткізіп жатсам, әлемнің назары Қазақстанға ауады деп ойлаймын.

Аударған: Айбар РЫСДӘУЛЕТ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или