Қазақстан үстел теннисінен командалар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы командалар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ширек финалға шығып, лицензияға қол жеткізді.
Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары Бангладеш, Непал, Пәкістан, Қырғызстан және Өзбекстан командаларын 3:0, Тайландты 3:2 есебімен жеңіп, негізгі кезеңге шықты.
Ширек финалда Қазақстан ерлер құрамасы турнир қожайындары, соңғы үш әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Оңтүстік Корея құрамасынан, ал әйелдер құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Гонконг құрамасынан жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или