Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі

Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі

Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Севилья (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымында өзара кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 129-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы Т.Скатов бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 269-орында тұрған Польша өкілі Даниэль Михальскиден 6:1, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті.

Әлемнің 242-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 741-сатыдағы испаниялық, 21 жастағы Диего Аугусто Баррето Санчеспен шеберлік байқасты. Мұнда қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или