Панамада құрама футболшысы оққа ұшты

Панамада құрама футболшысы оққа ұшты

«Индепендьенте» мен Панама құрамасының қорғаушысы Жилберто Эрнандес 26 жасында қаза болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы Панаманың Колон қаласында достарымен қала орталығында болған кезде қылмыскерлер таксимен келіп, қорғаушыны атып кеткен. Сондай-ақ оқиға кезінде жеті адам жарақат алған. Күдікті қамауға алынды.

2017 жылы тағы бір панамалық ойыншы, жартылай қорғаушы Амилькар Энрикес дәл осындай жолмен қаза болған.

Панама футбол федерациясы футболшының отбасына көңіл айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или