Болгария құрамасының Дэвис кубогында Қазақстанмен өткен ойынға бас жұлдызсыз қалды

Болгария құрамасының Дэвис кубогында Қазақстанмен өткен ойынға бас жұлдызсыз қалды

Теннистен Болгария ұлттық құрамасының капитаны Валентин Димов Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Қазақстанға қарсы матчқа қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Болгариялық БАҚ-тың хабарлауынша, ел намысын келесі теннисшілер қорғайды: Димитар Кузьманов (АТР рейтингінде 191), Александр Лазаров (391), Петр Нестеров (733), Александр Донски (788) және Янаки Милев. (561).

Болгарияның ең мықты теннисшісі, бұрынғы әлемнің №3-ші, қазіргі таңда әлемдік рейтингте 19-шы орында тұрған Григор Димитров құрамаға кірген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или