Джокович «Үлкен дулыға» турнирінде 47-ші рет жартылай финалға шықты
Сербиялық теннисші Новак Джокович 2023 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің екінші ракеткасы US Open турнирінің ширек финалында америкалық Тейлор Фрицті (6:1, 6:4, 6:4) ұтты.
Джокович 47-рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты. Ол швейцариялық Роджер Федерерді (46) жеңіп, ерлер арасындағы Open Era теннис рекордын орнатты.
Новак «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или