Тайсон Фьюридің әкесі Майк Тайсонды жекпе-жекке шақырды
Ауыр салмақтағы WBC чемпионы Тайсон Фьюридің әкесі Джон Фьюри ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютты әлем чемпионы Майк Тайсонды жекпе-жекке шақырды, деп жазады Prosports.kz.
«Майкты жақсы көремін, ұлыма оның есімін бердім. Егер ол менімен жекпе-жек өткізгісі келсе, ешқандай проблема жоқ. Мен қартайдым, бірақ бабымдамын. Ол да жас емес. Екеуіміз де қартайдық. Егер біз көрермендердің көңілін көтеріп, адамдардың жүзіне күлкі сыйлай алсақ, жекпе-жек өткізейік», - деді Джон Фьюри Seconds Out-қа берген сұхбатында.
Тайсон кейінгі рет көрме жекпе-жегі аясында Рой Джонсқа қарсы рингке шықты. Бұл жекпе-жек төрешілер шешімімен тең аяқталды.
Ал Джон Фьюри 1987 жылғы сәуірден 1995 жылғы маусымға дейін кәсіпқой бокспен айналысты. Жалпы 13 жекпе-жек өткізіп, оның сегізінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңілді, бір кездесуі тең аяқталды.