Назым Қызайбай Азия ойындарының маңыздылығы туралы айтты
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарындағы өнері туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әрине, Азия ойындары мен үшін ғана емес, барлық спортшылар үшін өте үлкен жарыс. Онда бар күшімді салып, жақсы өнер көрсетуге тырысамын, өйткені алда не болатынын кім біледі? Сондықтан чемпионатта бар күшімді салып, жүлде алғым келеді», - деді қазақстандық боксшы.
Айта кетейік, Азия-2023 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или