Боксшылар Польшадағы дәстүрлі турнирге аттанды

Боксшылар Польшадағы дәстүрлі турнирге аттанды

<span>4-10 қыркүйек аралығында Польша Республикасының Гливице қаласында бокстан әйелдер арасында XVIII Силезия халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. </span>

<span>А санатындағы бәсекеде жасөспірімдер 13, жастар мен ересектер 12 салмақта сынға түседі.</span>

<span>Бұл қатарда Ұлттық құраманың өкілдері де бар. Олар: Мөлдір Тойкова, Жазира Орақбаева, Анел Сақыш, Виктория Графеева, Лаура Есенкелді, Аида Әбікеева, Мадина Нұршаева, Фариза Шолтай, Ләззат Күнгейбаева, Айда Сарыбарова, Алуа Балқыбекова, Элина Базарова;</span>

<span>Былтыр осы турнирге қатысуға ниет білдірген елдер саны бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетіп, 30 мемлекетке жеткен.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или