Қарағандылық каратэшілер Әлем чемпионатынан олжалы оралды

Қарағандылық каратэшілер Әлем чемпионатынан олжалы оралды

Қарағандылықтар Йоханнесбургтегі (ОАР) каратэ-до бойынша әлем  чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«28-30 тамыз аралығында Йоханнесбург қаласында (ОАР)  каратэ-до бойынша әлем  чемпионаты өтті. Қазақстан ұлттық командасының құрамында қарағандылық спортшылар олжалы оралды», - делінген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виктор Ешкин ардагерлер арасында жеке кумите сынында бірінші және командалық кумитеде екінші орынға ие болды.

Зафар Саидов ересектер арасындағы жеке кумите және командалық кумитеде бірінші орынға қол жеткізді. Спортшыны Виктор Ешкин жаттықтырады.

Данил Заико жасөспірімдер арасында жеке және командалық кумитеде бірінші орынға тұрақтады, сонымен қатар ката бойынша үшінші орыннан көрінді.  Оның жаттықтырушысы - Марат Жүнісбаев.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или