Кіші Мейвезер кеткеннен кейін Головкин жаңа жұлдыз болады - Showtime сарапшысы

Showtime телеарнасының белгілі сарапшысы Стив Фархуд кіші Мейвезердің бокс сахнасынан кетуі мүмкін екеніне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Айта кетейік, кіші Мейвезер (48-0, 26 КО) 12 қыркүйектегі Андре Бертоға қарсы жекпе-жегінен кейін мансабына нүкте қоймақшы.

Сарапшының ойынша, кіші Мейвезер бокстан кеткеннен кейін орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) бокстың жаңа жұлдызына айналуы мүмкін.

"Мейвезер мен Пакьяо - қазіргі заманғы кәсіби бокстың атақты тұлғалары. Кличко да биік тұрды, дегенмен америкалық фандар лайықты болса да оны қабылдамады және олардың назары жеңілдеу дивизионға ауды. Мен айтар едім, Мейвезер Де Ла Хойені жеңгеннен кейін боксты ізіне салды", - деп мәлімдеді Фархуд CBS-ке берген сұхбатында.

"Мейвезер кеткеннен кейін біздің спортта үлкен ойық пайда болады. Бірақ әрдайым бір жұлдыз кетсе оның орнына басқа біреу келеді. Біз Леонард, Тайсон, Хаглер мен Хернс кеткенде қиналдық, бірақ олардың орнын өзгелер басты", - деді ол.

"Егер Альварес Коттоны жеңсе, ол бокстың жаңа жұлдызы болуы мүмкін. Тағы бір үміткер - Геннадий Головкин. Деонтэй Уайлдер де біз ойлағаннан жақсы болуы мүмкін. Сонымен қатар, Кит Турман", - деген ойымен бөлісті сарапшы.

tengrinews.kz порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или