Бокс. Азия чемпионаты. 7 боксшымыз 1/2 финалға шықты

Азия чемпионатында жеті бірдей боксшымыз жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бүгін ширек финалдық жекпе-жектерде Олжас Сәттібаев (52 келі) түркімендік Зарип Жумаевты, Зәкір Сафиуллин (60 келі) Солтүстік Корея елінің өкілі Гук Чол Квонды, Данияр Елеусінов (69 келі) қытайлық Лю Вейді, Әділбек Ниязымбетов сириялық Алаа Элдин Госсоунды (81 келі), Иван Дычко (+91 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловты 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Кеше жартылай финалға Василий Левит (91 келі) пен Қайрат Ералиев (56 келі) шықса, бүгін Олжас Сәттібаев (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Иван Дычко (91 келі) жеңісті жолды жалғады.Осылайша құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты.

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын 4 және 5 қыркүйек күндері тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или