Елена Рыбакинаны жеңген теннисші тағы сенсация жасады

Елена Рыбакинаны жеңген теннисші тағы сенсация жасады

Румыниялық теннисші Сорана Кырстя (WTA рейтингінде 30-шы) US Open турнирінің 1/8 финалында швейцариялық Белинда Бенчичті (13-ші) жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Кездесу екі сетте Кырстяның жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:3. Осылайша, румыниялық теннисші АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты.

Еске сала кетейік, алдыңғы кездесуде Сорана Кырстя әлемнің төртінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакинаны 6:3, 6:7, 6:4 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын. Кырстяның келесі қарсыласы чех теннисшісі Каролина Мучова (10-шы) болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или