US Open: чемпионатында ерекше оқиға болды
Ерлер арасындағы US Open турнирінде бірегей рекорд тіркелді. 1973 жылы ATP рейтингі жарияланғаннан бері алғаш рет ТОР-100-ге кірмейтін төрт теннисші турнирдің төртінші кезеңіне өтті, деп жазады Prosports.kz.
Олар британиялық Джек Дрэйпер (әлемнің 123-ракеткасы), австралиялық Ринки Хидзиката (әлемнің 110-ракеткасы), швейцариялық Доминик Штрикер (әлемнің 128-ракеткасы) және хорватиялық Борна Гойо (әлемнің 105-ракеткасы).
АҚШ ашық чемпионаты. Үздік 100-ге кірмейтін теннисшілердің 4-айналымдағы кездесулері
Ринки Хидзиката (Австралия, WC) – Фрэнсис Тиафо (США, 10); Доминик Штрикер (Швейцария, Q) – Тейлор Фритц (США, 9); Борна Гойо (Хорватия, Q) – Новак Джокович (Сербия, 2); Джек Дрэйпер (Великобритания) – Андрей Рублев (Россия, 8).
2023 жылғы US Open чемпионатының финалы 10 қыркүйекке жоспарланған. Жарыстың қазіргі чемпионы – әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас (1).